Жоба туралы
Тұжырымдама

Біздің портал - алғашқы және теңі жоқ жалғыз ғана Семей қаласына виртуалды 3D саяхат. "Виртуалды Семей" - бұл жұмыс бабымен келетін адамдарды, сондай-ақ еліміздің әр түпкірінен келетін саяхатшыларды да қызықтыратын қаламыздың ерекше еліктіргіш таныстыру рәсімі. 3D саяхат үйден шықпай қалада демалу, шопинг немесе серуендеу орындарын таңдауға мүмкіндік береді! Сіз алдын ала қызықтыратын орынның ерекшеліктерімен танысып, онда орнаған ахуалды сезісіз.

Технологиялар

3D көрініс түсірмесі көріністердің ең жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кәсіптік жабдықтар арқылы жасалады. Барлық фото- және бейне материалдардың түсірмесі жерде және әуеде жасалады. Жерде түсірме жүргізу үшін арнайы авто қолданылады, әуеде фото-жабдықтарды бортта 1000 метр биіктікке көтеруге мүмкіндігі бар көп роторлық коптер пайдаланылады. Фото- және бейне материалдармен, веб-құралдармен жұмыс жүргізу үшін, біз лицензиялық бағдарламалық қамсыздандырудың соңғы нұсқасын қолданамыз, бұл виртуалды саяхаттарымыздың жұмыс қабілеттіктерінің кепілі болып табылады және де сапаны жетілдіруге үнемі мүмкіндік береді.

Команда

"Виртуалды Семей" бірыңғай қалалық порталын кәнігі мамандар командасы жасап қызмет етуде. Бұлар: бағдарламашы-жасаушылар, дизайншылар, фотографтар, маркетинг танушылар, контент-менеджерлер, белсенді сату саласындағы мамандар, экономист-талдаушылар, тіл мамандары. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыруға кәсіпкерлер, мемлекеттік шенеуніктер және Семей қаласының тұрғындары да қатысты. Қалалық Порталды құруға қатысқан және қатысып отырған барлық адамдарға алғысымызды білдіреміз. Бүкіл команданың үйлесімді жұмысының арқасында осы жоба жүзеге асырылды!

P.S. Ойлануға арналған ақпарат
Байланыстар

РК, ВКО, г. Семей, ул. Лермонтова 66, Цоколь №4

8 (747) 470 41 63

8 (7222) 34 28 42

3dsemey@futurum.kz

Пікір қалдыру
Captcha